"Вердер" жаңа маусымға жасақталды

22.04.2022

Германия чемпионатында 9-орын алған Бремендік "Вердер" клубы 2022/2023 маусымына дайындалып жатыр және команда құрамын анықтады. 2019 жылдан бері сәтті өнер көрсетіп келе жатқан швед спортшысы Маттиас Фалькпен келісімшарт екі жылға ұзартылды. Сондай-ақ алдағы екі маусымға Бременде көрерменнің сүйіктісіне айналған қазақстандық Кирилл Герасименко да қалуды жоспарлап отыр. Марсело Агирре (Парагвай) - № 3-ші ойыншы, келісімшартты бір жылға жасасты. Хунор Сеч (Румыния) өз еркімен клубтан кетіп, мансабын Францияда жалғастырады. Румындық теннисшіні жерлесі, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа жастар чемпионатының күміс жүлдегері, 21 жастағы Кристиан Плетя ауыстырады.

"Вердер" командасының менеджері Саша Гребер: "Біз жаңа маусымға жасақталдық. Ойынның қызықты және тартымды стилін көрсетуге, жеңістерге жетуге, өз дамуымызда ілгерілеуге қол жеткізуге тырысамыз".

Талап Қойбағаров