«Вердер» Бундеслиганың көшбасшылары арасында

20.12.2023

2023-2024 жылдардағы үстел теннисінен Германия чемпионаты. Бременнің «Вердер» клубының құрамында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко және оның командаластары Бундеслигадағы жоғары дивизионның 11 командасы арасында 3-орынды иеленіп, сәтті өнер көрсетуде.

1 орын «Боруссия» (Дюссельдорф қ.), 9 ойын, 9 жеңіс (+ 9);

2 орын «Саарбрюкен-ТТ» (Саарбрюкен қ., + 8, - 1);
3 орын «Вердер» (Бремен қ., + 6, - 3);
4 орын «Мюльхаузен» (Мюльхаузен қ., + 5, - 4).



Талап Қойбағаров