Валерия Коцюр: "Келесі жылы да турнирге ұшып келуге тырысамын"

24.09.2021

Қарағандыда "2021 ITTF Kazakhstan International Open" халықаралық турнирінде "ОТМК" (Екатеринбург) клубының теннисшісі Валерия Коцюр жеке есепте, жұптық және аралас разрядтарда - үш алтын медаль жеңіп алды.

Валерия Коцюр: "Турнир жоғары деңгейде өтті. Еріктілер, ұйымдастырушылар, қонақ үй қызметкерлері жағымды әсер қалдырды және ең бастысы, қазақстандықтар өте қонақжай. Өз ойыныма ризамын, қоржынымда үш рет бірінші орын бар, Үндістан, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан және Ресейден келген қарсыластарымды басып оздым. Келесі жылы да ITTF Kazakhstan International Open турниріне ұшып келуге тырысамын".

Талап Қойбағаров