Валентин Пономарев: "Бәрі керемет өтті"

20.09.2021

Қарағандыда үстел теннисінен "2021 ITTF Kazakhstan International Open" (Қарағанды) 1-ші халықаралық турнирі аяқталды және оны жарыстың бас төрешісі Валентин Пономарев (Ресей) қорытындылады: "Әрине, біз көп қатысушыларды күттік, алайда пандемия араласып кетті, бірақ осы жағдайды ескере отырғанның өзінде, Қарағандыға мықты ойыншылар ұшып келді. 1-ші турнир үшін барлығы тамаша өтті, ал сіздердің жұлдыздарыңыз Кирилл Герасименко "2021 ITTF Kazakhstan International Open" - турнирін көркемдеді. Өте жақсы жұмыс істеген қазақстандық төрешілерді де атап өткім келеді".

Турнирде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин жаттықтырушыларды, спорт ардагерлерін, ITTF дамыту бағдарламасының жетекшісін, журналисті "Қазақстан Республикасында үстел теннисін дамытуға сіңірген еңбегі үшін" грамоталарымен, медальдарымен марапаттау рәсіміне қатысты.

"2021 ITTF Kazakhstan International Open" нәтижелері:

Ерлер, 1 орын Кирилл Герасименко (Қазақстан), 2 орын Снехит Судханшу (Үндістан), 3 орын Павел Платонов (Беларусь) және Хаиф Аль Джадай (Сауд Арабиясы).

Әйелдер, 1 орын Валерия Коцюр (Ресей), 2 орын Екатерина Охотникова (Ресей), 3 орын Айя Әлімбаева (Қазақстан) және Валерия Щербатых (Ресей).

Ерлер жұптық разряд, 1 орын Кирилл Герасименко / Алан Құрманғалиев (Қазақстан), 2 орын Абдұлазиз Бу Шулайби/Аватар Али Альхадрави (Сауд Арабиясы), 3 орын Дани Мудит/Панде Сиддхеш (Үндістан) және Шехит Сураваджула/Гровер Судханшу (Үндістан).

Әйелдер жұптық разряд, 1 орын Валерия Коцюр/Валерия Щербатых (Ресей), 2 орын Прапти Сен/Каушани Натх (Үндістан), 3 орын Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мирқадірова (Қазақстан) және Мехринисо Норкулова / Камила Халикова (Өзбекстан).

Аралас разряд, 1 орын Максим Кабуркин/Валерия Коцюр (Ресей), 2 орын Мұхаммад Уктамбоев/Согдиана Мадалиева (Өзбекстан), 3 орын Эрик Райтер/Арай Әшкеева (Қазақстан) және Элмұрод Холиков/Камила Халикова (Өзбекстан).

Талап Қойбағаров