"UMumba TT" үшін жанкүйер боламыз

25.07.2019

25 шілдеде Нью-Делиде әлемге танымал Үнді үстел теннисі UTT (Ultimate Table Tennis) лигасының 3-ші маусымы басталады. Ерлер мен әйелдердің (3-тен) болатын тең саны бойынша, 36 ойыншыдан алты команда қатысады. Әр матч 5 жекпе-жектен тұрады, ал лига чемпионы 11 тамызда анықталады. Мумбаи қаласының "UMumba TT" клубы үшін Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко өнер көрсетеді. Манав Таккар (Үндістан), Чандра Джит (Үндістан), Ду Хой Кем (Гонконг), Сутиртха Мукхерджи (Үндістан), Дутта Моумита (Үндістан) - "UMumba TT"-дағы оның серіктестері болды. Кирилге және "UMumba TT"-ға табыс тілейміз.

Талап Қойбағаров