«UMMC Open» шақырады

02.09.2020

16-20 қыркүйек аралығында "ОТМК" спорт сарайында (Свердлов облысы, Верхняя Пышма) 2009 жылы туған және одан кішілер арасында 64 ұлдар мен 64 қыздардың қатысуымен "UMMC Open" үстел теннисінен II халықаралық жарысы өтеді. Егер турнир басталар алдында елдеріміздің арасындағы шекаралар ашық болса, Беларусь пен Қазақстан спортшылары қатысады деп күтілуде.

- Барлық қауіпсіздік шаралары сақталады. Денсаулық бірінші кезекте, осының аясында спорттық бөлімде де әрекет ететін боламыз. Мұнда бізде проблемалар болмайды. "UMMC Open-2019" қатысушыларының баға беруі бізге өте жағымды, олар бұл турнир Ресейде өзінің жас ерекшелігі бойынша ең мықты екенін атап өтті. Сондықтан біз биылғы жылы да жарысты сол деңгейде, тіпті одан да жоғары деңгейде өткізу үшін барлығын жасаймыз, - деді ОТМК үстел теннисі клубының директоры Дмитрий Балаченков.

Суретте Виктория Мочалкина (Қарағанды) ол "UMMC Open-2019" турнирінде финалдық сегіздікке кірді.

Талап Қойбағаров ОТМК үстел теннисі клубы сайтының материалдары бойынша.