Тәжірибе жинаудамыз

16.09.2023

Свердлов облысының Верхняя Пышма қаласында Владимир Белоглазовты еске алуға арналған үстел теннисінен III-ші халықаралық турнирі өтуде. Жұма күні медальдарды ұтысқа салатын спортшылар анықталды, олардың арасында, өкінішке орай, қазақстандықтар жоқ.

Ұлдар арасында ең мықты сегіздікті Матвей Мананков (Екатеринбург), қыздарда Дарья Харлова (Самара) басқарды.

Біздің теннисшілер құрмет тұғырынан төменгі орындар үшін ойнайды:

Әкежан Ерланұлы (33-40 орын), Абай Жұмағұл (33-40 орын), Каролина Бондарь (49-56 орын), Дулат Ералхан (41-48 орын), Эльмира Мұхаметқалиева (57-64 орын).


Талап Қойбағаров