Тұғырда тек мықтылар ғана

30.07.2021

Әйелдер арасындағы үстел теннисінен олимпиада турнирінің чемпионы мен жүлдегерлері анықталды. Қытай финалында әлемнің бірінші ракеткасы (әлемдік рейтингке сәйкес) Чэнь Мэн үшінші ракетка Сунь Иншаны 4:2 есебімен жеңіп, алтын медальға ие болды! Үшінші орын үшін өткен матчта Ито Мима (Жапония, 2-ші ракетка) Ю Менъюді (Сингапур, 47-ші ракетка) 4:1 есебімен жеңді.

30 шілдеде - жеке жарыстардың соңғы күні екі ойын өтеді:

Финал: Ма Лонг (Қытай) - Фан Жэндонг (Қытай)

3-ші орын үшін: Линь Юньжу (Тайвань) - Дмитрий Овчаров (Германия).

Талап Қойбағаров