Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына 2-ші іріктеу турнирі аяқталды. Медальдар үшін матч нәтижелері:
Ерлер, 1 орын үшін:
Алан Құрманғалиев (Қарағанды)-Денис Жолудев (Өскемен)
3:1.
3 орын үшін:
Сағантай Құрмамбаев (Өскемен)-Владислав Захаров (Қарағанды)
3:2.
Ары қарай финалдық " сегіздікте " Владислав
Захаров, Ырысбек Артұқметов, Эрик Райтер, Ескендір Харки, Дастан Кенжеғұлов.
Әйелдер, 1 орын үшін:
Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) - Зәуреш Ақашева (Қарағанды)
3:1.
3 орын үшін:
Әнел Бақыт ( Шымкент) - Алсу Сапарова (Орал) 3:1.
4-тен 8-ші орындарды Алсу Сапарова, Гүлчехра Құсейінова,
Александра Смирнова, Ангелина Романовская, Арай Әшкеева иеленді.
Жарқын және қызықты жекпе-жектен басқа, екі іріктеу
турнирі несімен есте қалды?
- 2016 - 2018 ж.ж., Қазақстан чемпионы, 28 жастағы Денис
Жолудевтің "екінші тынысы" ашылды, ол финалға сенімді шығып, күміс
медаль жеңіп алып, өзінен жас теннисшілерді артта қалдырды;
- 13 жастағы Виктория Мочалкина алдымен біліктілік арқылы
алғаш рет "16" финалына шықты, содан кейін үлкен әріптестерін жеңіп,
ең мықты "8" тобына кірді;
- Сарвиноз Мирқадірова, Алан Құрманғалиев, Әнел Бақыт, Зәуреш
Ақашева өз шеберліктерін шыңдап, дәстүрлі түрде құрмет тұғырына көтерілді;
- Мамандар үшін күтпеген жерден Ескендір Харки, Ангелина
Романовская, Санжар Жұбанов өздерінің жоғары деңгейлерін көрсете алмады.
Талап Қойбағаров