Турнирден әсерлі сезімдермен қайтты

11.10.2021

"Өте жақсы!", "Керемет!", "Мықты жарыстар", "Міндетті түрде тағы да сіздерге келеміз!" - осындай қуанышты әсерлі сөдермен Ермек Китаевты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі ашық турнирге қатысушылар Павлодардан қайтуда. Екі ойын күні ішінде әр түрлі жас санаттарындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

39 жасқа дейінгі әйелдер: 1 орын Арай Әшкеева (Қарағанды), 2 орын Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент), 3 орын Александра Смирнова (Қарағанды).

39 жасқа дейінгі ерлер: 1 - Ескендір Харки (Жамбыл облысы), 2 - Эрик Райтер (Қарағанды), 3 - Денис Жолудев (Шығыс Қазақстан облысы).

Әйелдер 40 жас және одан жоғары: 1 - Әлия Әбжанова (Нұр-Сұлтан), 2 - Ангелина Халилова (Нұр-Сұлтан), 3 - Алма Біләлова (Ақсу).

Ерлер 40-49 жас: 1 - Асхат Ысқақов (Павлодар), 2 - Алексей Мищук (Павлодар), 3 - Александр Коткин (Нұр-Сұлтан).

Ерлер 50-59 жас: 1 - Игорь Медведев (Алматы), 2 - Геннадий Герасименко (Нұр-Сұлтан), 3 - Нартай Төлбасиев (Түркістан).

Ерлер 60 жас және одан жоғары: 1 - Біржан Қамыспаев (Тараз), 2 - Анатолий Абраев (Павлодар), 3 - Есен Қожамқұлов (Қарағанды).

Марапаттау рәсіміне ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің кеңесшісі Бақытжан Ордабаев, Павлодар облысының туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Даур Ерғабұлов, Республикалық үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пак, Павлодар үстел теннисі Федерациясының президенті Асхат Қалиев, турнирдің бас төрешісі Александр Перевалов, Ермек Китаевтың әпкесі Зоя Китаева қатысты.



Талап Қойбағаров