Турнирдегі алғашқы ойын күні

17.09.2021

Қарағандыда үстел теннисінен "2021 ITTF Kazakhstan International Open" халықаралық турнирі басталды, онда 8 елден келген қатысушылар жеке, жұптық, аралас разрядтарда 30 000 американдық доллар жүлдесін және медальдарды ұтысқа салады. Бірінші ойын күні жарыстың негізгі торына шығу үшін біліктілікте жекпе-жектер өтті. Джит Чандра (Үндістан), Наиф Аль-Джадай (Сауд Арабиясы), Снехит Сураваджула (Үндістан), Семен Шевнин (Ресей), Элмурод Холиков (Өзбекстан), Сағантай Құрмамбаев (Қазақстан), Судханшу Гровер (Үндістан) өте сенімді ойын көрсетіп, "2021 ITTF Kazakhstan International Open"- турнирінде табысты өнер көрсетуге елеулі өтінім жасады. Әйелдер арасында Алсу Сапарова (Қазақстан), Дарья Шадрина (Ресей), Прапти Сен (Үндістан), Екатерина Охотникова (Ресей), Валерия Коцюр (Ресей), Айя Әлімбаева (Қазақстан), Анель Бақыт (Қазақстан), Мария Степанова (Ресей) өздерінің кіші топтарындағы көшбасшылықты жаулап алды. Ең қызықтысы алда.

Талап Қойбағаров