Турнир жоғары деңгейде өтуде

27.05.2023

Алматыда "ADD" үстел теннисі орталығында "Шаңыраққа жол" атты дәстүрлі Ашық жасөспірімдер турнирі басталды. 2010 ж.т. - 2011 ж.т., 2012 ж.т. - 2013 ж.т., 2014 ж.т. және одан кіші жас санаттарында Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстаннан 185 жас спортшылар өнер көрсетуде. Бүгін кіші топтарда ойындар өтті, ал ертең барлық чемпиондар мен жүлдегерлер белгілі болады. Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, "Шаңыраққа жол" турнирінің негізін қалаушы Евгений Тимченконың пікірі:

"Турнирге тек Қазақстан өңірлерінен ғана емес, Өзбекстан, Қырғызстаннан да дарынды теннисшілер келгеніне өте қуаныштымын. Қазіргі "Шаңыраққа жол" қатысушылары үшін тамаша жағдайлар жасалған - олар "ADD" орталығында жарысуда, онда өткен жылдың күзінде "WTT Сontender Almaty" өкілдік турнирінде Миа Хирано (Жапония), Рувен Филус (Германия), Линь Юньжу (Тайбэй), Хина Хаята (Жапония), Фу Ю (Португалия), Линь Юньжу (Тайбэй), Маттиас Фальк (Швеция), Антон Каллберг (Швеция), Канак Джа (АҚШ) сияқты әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары өнер көрсеткен болатын".


Жаттықтырушы Айнұр Ибрагимова (Өзбекстан): "Біз сіздерге турнирге үнемі келеміз. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келешегі зор спортшылар жиналады және олармен сайысқа түсу бізге пайдалы. Біз тәжірибе жинаймыз, жеңеміз, ұтыламыз, бірақ бұл шеберлікті одан әрі арттыру, ойын тәжірибесін жетілдіру үшін өте маңызды. "Шаңыраққа жол" әдеттегідей жоғары деңгейде өтуде.


Талап Қойбағаров