Турнир үздік командаларды анықтады

08.03.2018

Шымкентте қазақ халқын жоңғар басқыншыларынан азат етуші қазақ елінің батыры Ақпан Батырды (1701-1777) еске алуға арналғанүстел теннисінен I-ші Халықаралық жасөспірімдер арасындағы турнирдің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның облыс орталықтарынан келген 100 спортшының алдында республикалық үстел теннисі Феддерациясының өкілдері, қалалық билік өкілдері, Оңтүстік –Қазақстан облысының спорт-мектебінің өкілдері және еңбек ардагерлері салтанатты түрде сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Содан кейін командалық жарыстарда шайқасты бастап, іске спортшылардың өздері қол батыра кірісті.Жасөспірімдер арасында 24 ер және 24 қыздар арасындағы командалар олимпиядалық (плей-офф) жүйесі бойынша сайысқа түсті, жеңіліс тапсаң бірден алтын медальға күресү құқығынан айырылып ойыннан шығарыласың. Ер балалар арасында жартылай финалға, алдын – ала кезеңінде өз қарсыластарынан күштірек болған Украина, Қарағанды, «Хван Ман Гыма» (Өзбекстанның Ташкент облысы)және Оңтүстік-Қазақстан облысының командалары жетті. Финалға шығу үшін украиндықтар қарағандылықтарды 2:0 есебімен жеңді, ал турнир иелері дәл осы нәтижемен өзбек спортшыларынан басым түсті. Алтын мен күміс жүлделерге жете алмай жеңіліп қалған командалар қола жүлдеге ілінү үшін тырысты, бірақ олардың жолында Екатеринбургтен келген теннисшілер тосқауыл болып тұрды. Ресейліктер Дмитрий Шепетнев, Алексей Артемкин бұл жолы сәтті ойын көрсетіп үшінші орынға ие болды. Финалдық жарысты Бекұлан Жамал (ОҚО) мен Александр Олескевич (Украина) бастады. Екі теннисші де өткір шабуылдау ойын стилін жақсы көреді, олардың жекпе-жегі өте жылдам қарқында өтті. Александр көп қателесті соның нәтижесінде 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Екінші финалдық матчта қорғаушы Бағдаулет Әкімәлиге (ОҚО) қарсы кадеттер арасындағы Украинаның чемпионы Андрей Гребенюк шықты. Бірінші партияны сенімді түрде Бағдаулет жеңіп шықты, екіншіні Андрей. Үшінші және төртінші партияларда украиндық өз қарсыласының қорғанысын бұзып шықты, нысанаға дәлірек түсіп 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші орынның тағдыры жұптық кездесуде шешілді, оны қызықты және тартымды қарсылықпен Александр Олескевич – Андрей Гребенюк (Украина) ұтып алды, есеп 3:2. Финалдық жекпе-жектің жалпы есебі 2:1.

Қыздар арасында чемпион аталған Қарағандылық Зәуреш Ақашева мен Александра Смирнова болды, олар финалда (2:1) есебімен Оңтүстік-Қазақстан облысынан келген Мәлика Илхамжанова мен Сарвиноз Мірқадірованы жеңген болатын. Үшінші орынды Екатеринбургтен келген спортшылар Маргарита Мурзина мен Мария Тихонова иеленді.

Турнир жалғасуда, бүгін жеке есептегі жекпе-жектер басталды.




Талап Койбағаров, Шымкент қ.