Туған спорт түрі үшін көп нәрсені істеу керек

23.01.2020

Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің бұйрығымен Нұр-Сұлтан филиалының басшысы болып "Қазаэронавигация" Бас директоры Азат Бектұров тағайындалды. Жаңа қоғамдық қызметке тұрғанға дейін Азат Ғаббасұлы өзінің басқару тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді: осылайша, еліміздің Тәуелсіздік Күні қарсаңында "Қазаэронавигация" компаниясының қолдауымен біздің елордада "ASPAN" спорт кешені салынды, онда бокс, күрес, карате, волейбол, футболдың жаттығу залдарынан басқа, үстел теннисінің стационарлық залы да бар. Қазақстанның ашық командалық чемпионатына қатысатын теннис клубы құрылды.

Азат Бектұров: "Істермен танысудамын және өзіме жақын спорт түрі үшін, оны Нұр-Сұлтан қаласында танымал ету үшін, жаттығулардың жаппай өтуі мен олардың қол жетімділігін және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, жоғары деңгейдегі теннисшілерді дайындау үшін алда не істеу керектігін түсінемін".

Талап Қойбағаров