Туған күніңізбен құттықтаймыз

13.10.2021

13 қазанда Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Рүстемұлы Әбілғазин туған күнін атап өтеді.

«Республикалық Федерация ұжымы, жаттықтырушылар, спортшылар, спорт ардагерлері сізді туған күніңізбен құттықтап, Қазақстанның үстел теннисін дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалайды. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында елімізде үстел теннисі қарқынды дамып келеді, халықаралық турнирлер өткізіліп, инфрақұрылым дамуда. Қыркүйекте үстел теннисінің жаңа Орталығы "ITTF Kazakhstan International Open 2021" бірінші халықаралық турнирін өткізді, ал 2017 жылдың соңында елордада ITTF World Tour Grand Finals әлемдік турының финалдық кезеңі өтті. Бұл жарыстарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін барлық қатысушылар, сондай-ақ ITTF өкілдері атап өтті.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, өмірлік игілік пен оптимизм, амандық және отбасылық жайлылық тілейміз. Сіздің күнделікті өміріңіз күлкі мен жақсы көңіл-күйге толы болсын!».