Туған күніңізбен!

26.07.2024

Бүгін Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, Токио - 2020 XXXII жазғы Олимпиада Ойындарының қатысушысы, еліміздің және республикалық Спартакиаданың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР Универсиадасының, Еуразиялық студенттік спорт ойындарының, "Оңтүстік Астана" халықаралық турнирінің алтын жүлдегері Анастасия Лаврова туған күнін атап өтуде.

"Табысты теннисші, әдемі қызды туған күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасында амандық, жан тыныштығын, өмірде сәттілік және бақыт тілейміз!

Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар!".