Туған күніңізбен!

22.07.2024

22 шілдеде Марина Шумакова туған күнін атап өтеді - ол қазақстандық үстел теннисі шеберлерінің арасында жазғы Олимпиада Ойындарының алғашқы қатысушысы (2008 ж., Пекин).

Жеке есептегі еліміздің төрт дүркін (2001 ж., 2002 ж., 2005 ж., 2006 ж.), командалық, жұптық, аралас разрядтарда бірнеше дүркін чемпионы, республикалық Спартакиаданың жеңімпазы.


"Құттықтауларымызды қабыл алыңыз және зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, рухани үйлесімділік және бақытты өмір тілейміз. Сіздің еңбекқорлығыңыз, кәсібилігіңіз, жеңіске деген ерік-жігеріңіз Қазақстан теннисшілерінің жас буыны үшін жарқын үлгі болып табылады. Біздің сүйікті спорт түрінің дамуына қосқан зор үлесіңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Құрметпен Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар".