ТТС "Astana" турнирлік кестенің басында

28.02.2022

Ресей үстел теннисі Федерациясының командалық чемпионатының III туры аяқталды. Суперлигада (Магнитогорск қ.) ТТС "Astana" клубы (Сарвиноз Мірқадірова, Зәуреш Ақашева, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская, жаттықтырушысы Евгения Тимченко) 8 ойын өткізіп, 7 рет жеңіске жетіп, 1 орынға ие болды. Екінші нәтиже "Казаночка" (Қазан қ.) клубында, үшінші нәтиже "Хван Ман Гым" (Өзбекстан) командасында.

Химкиде (Мәскеу облысы) "А" жоғарғы лигасының өкілдері өнер көрсетті және қазақстандық ТТС "Karaganda" (Арай Әшкеева, Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушысы Татьяна Ким) 3 жеңіс, 5 жеңіліс нәтижесімен 7-ші орынға ие болды.

Суретте ТТС "Astana".

Талап Қойбағаров