Төрт жеңіс қатарынан

04.02.2021

Үстел теннисінен неміс Бундеслигасының кезекті турына құрамында Кирилл Герасименко өнер көрсететін "Werder" (Бремен) клубы, қатарынан үш рет жеңіспен келді - жеңілген командалар: «TTC RhönSprudel» (Фульда- Маберцелль), «ТСВ» (Бад-Кенигсхофен), «Liebherr» (Оксенхаузен). Бүгінгі қарсыласы Бергнойштадттың "TTC Schwalbe" клубы "Werder" клубын осы маусымда екі рет жеңген болатын: бірінші турда 3:0, Германия кубогының 1/8 финалында 3:2 және бремендіктер қайта шайқасты асыға күтуде еді. "Werder" клубының көшбасшысы Маттиас Фальк 14 минутта Штефан Фегерльді 3:0 есебімен жеңіп кетті. Біздің Кирилл Герасименко Бенедикт Дудамен жарты сағат бойы шайқасты, барлық төрт партияда ол қуып жетуші рөлінде болды, бірақ соңында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Марсело Агирре ("Werder") Альваро Роблеске тартысты жекпе-жекте 2:3 есебімен ұтылды. Маттиас Фальк бұл қарсыластықта үлкен жеңіс нүктесін қойды, ал" Werder " 9-шы орыннан 8-ші орынға көтерілді.

Маттиас Фальк («Werder») - Штефан Фегерль («TTC Schwalbe») 3:0;

Кирилл Герасименко («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 3:1;

Марсело Агирре («Werder») - Альваро Роблес («TTC Schwalbe») 2:3:

Маттиас Фальк («Werder») - Бенедикт Дуда («TTC Schwalbe») 3:2.

«Werder» - «TTC Schwalbe» 3:1.

Талап Қойбағаров