Төрешімен дауласуға болмайды

24.11.2020

30 қарашада 19.00-де Елена Семёнова (Санкт-Петербург) - «Blue Badge» санатының халықаралық төрешісі, (ETTU) Еуропалық үстел теннисі кеңесінің төрешілер Комитетінің мүшесі, Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Олимпиаданың төрешілер корпусының мүшесі, әлем және Еуропа чемпионаттарында үстел теннисі ережесі бойынша Қазақстан Республикасының спорт төрешілеріне онлайн семинар өткізеді. Семинар тегін.

Мәлімет үшін: «Blue Badge» санаты, ірі халықаралық жарыстардың финалдық кезеңінде матчтарда қызмет көрсету үшін жіберілетін жоғарғы санатты төреші екенін куәландырады.

Талап Қойбағаров