Токио Олимпиадасы: Қазақстан құрамасының спорттық формасы таныстырылды

02.07.2021

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның олимпиадалық құрамасының формасын таныстырды. Отандық олимпиадашылар Олимпиада ойындарына қазақстандық және шетелдік мамандар арнайы

дайындаған киімімен аттанады. «Salta» брендімен танымал Салтанат Баймұхамедова олимпиадалық киімнің салтанатты формасының дизайнері болды. Қазақстандық спортшыларға арналған спорттық форманы испандық Joma компаниясы жасады.

Токиоға арналған жиынтықты дайындауда спортшыларға дизайн, маталар мен тігін бұйымдары бойынша шешуші таңдау берілді. Осы жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің жетекші спортшылары олимпиадалық киімді таңдауға арналған сауалнамалар, презентациялар мен кездесулерге қатысты.