Токио-2020 Олимпиада ойындары туралы ITTF жаңалықтары

20.03.2020

Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) COVID-19 індеті кезеңінде Токио-2020 Олимпиадалық ойындарына дайындық бойынша Халықаралық Олимпиада комитетімен (ХОК) ынтымақтасады. COVID-19 індетіне қатысты ITTF-тың күш-жігерін ХОК президенті Томас Бах жоғары бағалады, ол Жапонияда өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындық белгіленген жоспарға сәйкес өтетініне сендірді. Бах дағдарыс басталғаннан бері үстел теннисі көп жұмыстар атқарғанын айтып, ITTF-қа жұмыстары үшін алғысын білдірді.

ITTF Бас хатшысы Рауль Калин: "Біз алдағы уақытта да осы қиын кезеңде ХОК-тың серіктестері болып қала береміз және Құрлықтық федерациялармен, ITTF атлеттері комиссиясымен бірге үйлестіре отырып, жағдайды ескерумен Олимпиада ойындарына іріктеу процесі әділ түрде аяқталуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз".

ITTF атқарушы комитеті 29 наурызда қайта жиналады және ХОК-қа 2020 Олимпиадасына қатысты біліктілік іріктеу турнирлерін өткізу бойынша ресми ұсыныс енгізеді.

ITTF материалдары бойынша