Тәлімгерді еске алу

25.11.2019

Алматыда ардагерлер арасында Қазақстанда үстел теннисінің негізін қалаушы Анатолий Харитонович Ицкевичті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтуде. Ерлерде 40-49 жас, 50-59, 60-69, 70 жас және одан жоғары жастағы топтарда, 40 жас және одан жоғары жастағы әйелдер тобында Қырғызстан, Қазақстанның қалалары мен облыс орталықтарынан келген елуден астам спортшы өнер көрсетуде. Жеңіске негізгі үміткерлер арасында Қуаныш Жүнелбаев (суретте), КСРО спорт шебері, "Локомотив" Орталық (Бүкілодақтық) Кеңесі чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, жұптық разрядта ҚазКСР чемпионатының күміс жүлдегері, жеке есептегі ҚазКСР чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Талап Қойбағаров