Теннисшілерді алдағы жарыстарға дайындау

03.12.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында тәжірибелі тәлімгерлер Дмитрий Левенко (Австрия), Дмитрий Переверзев (Қазақстан), Евгений Тимченко (Қазақстан), Самат Бейсенов (Қазақстан), Сюн Таоның (Қытай) жетекшілігімен еліміздің ұлттық, жастар және жасөспірімдер командаларының оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтуде. Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты - спортшыларды алдағы жарыстарға білікті және сапалы дайындау. Жаттықтырушылар жиындарда не нәрсеге ерекше назар аударады?

- Жаттығудың басынан аяғына дейін барлық соққылар техникалық тұрғыдан дұрыс орындалуы қажет.

- Жақсы техника - бұл ойын кезінде аз қиындық туғызады және мұнда үдемелі соққыға, күшті топ-спинге, допты нақты бір жылдамдықпен және айналдырумен дұрыс нүктеге бағыттау қабілетіне назар аударылады.

- Допты соғу нүктесіне жақындаудың дұрыстығы және т.б. ОЖЖ 15 желтоқсанға дейін жалғасады.


Талап Қойбағаров