Теннисшілер үйге жүлдемен оралуда

29.03.2024

Бейрутта (Ливан) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" халықаралық турнирі аяқталып, жарыстың соңғы күні қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды - Алан Құрманғалиев (Алтын, 19 жасқа дейінгі жас санаты, жеке разряд), Жанерке Көшкімбаева (Қола, 19 жасқа дейін, жеке разряд). Құттықтаймыз!


Осыған дейін, 27 наурызда сондай-ақ біздің теннисшілер құрмет тұғырына көтерілген болатын:

1 орын Алан Құрманғалиев, 17 жасқа дейін, жеке разряд.

3 орын Арнұр Оралханов / Жанерке Көшкімбаева, 19 жасқа дейін, аралас разряд.

3 орын Нұрислам Қасым, 17 жасқа дейін, жеке разряд.

3 орын Нұрдәулет Азаматұлы, 13 жасқа дейін, жеке разряд.



Талап Қойбағаров