Тенниске шолу

25.02.2022

Алматыда Республикалық үстел теннисі Федерациясының залында Қазақстанның ашық командалық чемпионатының (2-ші лига) I-ші туры басталды. Екі топта он бір команда үш матч өткізді және әзірге "Қостанай", "TT Prime" (Қарағанды), " Deaf" (Қостанай) командалары жеңіліссіз келе жатыр. Олардың артынан шымкенттік "Мартөбе 12-БЖСМ", "Топжарған" командалары келеді. I турдың жеңімпазы жексенбіде белгілі болады.

Бүгін Ресей үстел теннисі Федерациясының әйелдер арасындағы командалық чемпионатының III туры басталды. Магнитогорск қаласында (Супер Лига) қазақстандық ТТС "Astana" (Сарвиноз Мирқадірова, Зәуреш Ақашева, Анель Бақыт, Ангелина Романовская, жаттықтырушысы Евгений Тимченко) "ММК-Олимпия" (Магнитогорск) клубын 3:2, "УГМК-УОР" (Верхняя Пышма) клубын 3:0, "УОР" (Қазан) клубын 3:0 есептерімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Химкиде ("А" жоғарғы лигасы) ТТС "Karaganda" (Арай Әшкеева, Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, жаттықтырушысы Татьяна Ким) мына клубтармен ойнады: "Москвичка" 2:3, "УГМК-Юниор" (Верхняя Пышма) 1:3, "Фили" (Мәскеу) 3:2.

Жарыс жалғасуда.


"Қарағанды-2 ООРМБЖМ" теннисшілері


"ASM" спортшылары (Бішкек, Қырғызстан)


Талап Қойбағаров