Техниканы тартып, тактиканы үйреніп, медаль жеңіп алды

03.02.2023

Стамбулда (Түркия) "Pendik Belediesi" спорт клубында Қазақстан, Косово, Хорватия, Түркия жас теннисшілерінің жеті күндік оқу-жаттығу жиыны өтті, оны халықаралық деңгейдегі тәлімгерлер Невен Сеньяр (Хорватия әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы) және Полат Самет (Түркия, ETTU Жастар комитетінің президенті) өткізді. Қатысушылар арасында жасөспірімдер құрамасының ойыншылары, WTT Youth Contender медаль иегерлері болды. Біздің Республикамыздың атынан ақтөбеліктер Расұл мен Нәби Кисан, облыстың аға жаттықтырушысы Әсет Сағымбаев қатысты.

"Үстел теннисінің жаңа дәуірі - жас ойыншыларды жаттықтырудың жаңа тәсілі" тақырыбындағы жиындарға тәжірибелік сабақтар, семинарлар, теннисшілердің функционалдық қателіктерін жіктеу және талдау кірді. ОЖЖ турнирмен аяқталды.

Миксте 1 орын: Расұл Кисан / Зейнеп Озджан (Қазақстан / Түркия);

Миксте 2 орын: Нәби Кисан / Кырбач Дуру (Қазақстан / Түркия);

Жеке разрядта 2 орын: Нәби Кисан;

Жеке разрядта 3 орын: Расұл Кисан.



Талап Қойбағаров