Тағы да Катар

17.03.2022

Наурызда Орта Шығыстағы мемлекет әлемдік үстел теннисінің орталығына айналды. Бүгін онда "WTT Feeder Doha" турнирі аяқталады, ал сәл бұрын "WTT Youth Star Contender", "ITTF High Performance Boys Training Camp" оқу-жаттығу жиыны өтті. Міне, Катардағы жаңа жарыстар: 18-24 наурыз аралығында "WTT Contender Doha" өтеді, онда әйгілі, атақты спортшылар Хьюго Калдерано (Бразилия, әлемнің з-ші ракеткасы), Лин Юн-Джу (Тайбэй, 7), Квадри Аруна (Нигерия, 11), Дарко Йоргич (Словения, 12), Патрик Франциска (Германия, 14), Кристиан Карлссон (Швеция, 28), Кирилл Герасименко (Қазақстан, 34) және басқалар өнер көрсетеді.

Талап Қойбағаров