Таулы елдегі Азия чемпионаты

03.09.2022

Лаос - Оңтүстік-Шығыс Азиядағы таулы ел, ол өз астанасы Вьентьян қаласында үстел теннисінен юниорлар мен кадеттер арасындағы XXVI Азия чемпионатына қатысушыларды қабылдайды. Командалық есепте, жеке, жұптық, аралас разрядтарда 17 мемлекеттің өкілдері ойнайды. Қазақстан намысын 4 қыркүйекте алаңға шығатын қарағандылық Алан Құрманғалиев қорғайды. Жерлесімізге сәттілік тілейік.

Талап Қойбағаров