Ташкентке Эльмира, Каролина, Абай және Дулат барады

18.10.2023

2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы "Hopes and Cadet Week & Challenge" республикалық іріктеу турнирі аяқталды, оның нәтижелері бойынша Орталық Азиялық "Central Asia Regional Hopes and Cadet Week & Challenge" (Ташкент, 23-30 қазан) турниріне төрт жолдаманың иегерлері (2 ұлдарға және 2 қыздарға) анықталды. Сонымен, еліміздің атынан Өзбекстан астанасында өнер көрсететіндер Эльмира Мұхаметқалиева (Қарағанды, 1 орын), Каролина Бондарь (Павлодар облысы, 2 орын), Абай Жұмағұл (Түркістан, 1 орын), Дулат Ералхан (Шымкент, 2 орын).

Талап Қойбағаров