17-19 мамырда Ташкентте Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына үстел теннисінен Орталық Азия іріктеу турнирі өтеді. Қазақстанның ұлттық құрамасы (жаттықтырушылар Эльмира Алиева, Геннадий Герасименко, Евгений Тимченко, Дмитрий Левенко, спортшылар Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова) оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, бүгін Ташкентке ұшып кетті. Біздің команданың бас бапкері Эльмира Алиеваның пікірі:
«Біздің алдымызда төрт жылдықтың маңызды кезеңіне ең жақсы шабытпен келіп - ерлер мен әйелдер арасында екі лицензия жеңіп алу міндеті тұр. Бүгінгі таңда спортшылар жарыс дайындығынан өте жақсы өтті, қаңтар айынан бастап жоспарланған барлық турнирлерге қатысты. ОЖЖ-да қателіктер жасауды жою, әрбір теннисшінің жеке ойын ерекшеліктерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді.
Ташкентте Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан
олимпиадалық жолдамалар үшін жарысады. Әрбiр қауымдастықтан екi еркек, екi әйел
жiберiледi. Біз Өзбекстан астанасына Парижге жолдама алуға барамыз».
Талап Қойбағаров