Таланттарды анықтаудың жаһандық жобасы

16.10.2023

17-18 қазанда Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында 2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында "Hopes and Cadet Week & Challenge" республикалық іріктеу турнирі өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының "Hopes" бағдарламасы - бұл жарыстар мен турнирлерде өзінің жоғары әлеуетін көрсеткен бүгінгі әлемдік деңгейдегі көптеген ойыншылар үшін трамплин қызметін атқарған таланттарды анықтаудың жақсы қалыптасқан жаһандық жобасы болып табылады. Айтпақшы, 2019 жылы ITTF біздің Алан Құрманғалиевті әлемдік "Hopes Week"-тің ең үздік ойыншысы деп таныған болатын.


Бұл жолы "ADD" орталығында Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, еліміздің облыстарынан 50-ге жуық теннисші Орталық Азиялық "Central Asia Regional hopes and Cadet Week & Challenge" (Ташкент, 23-30 қазан) ойынына 4 жолдаманы (2 ұлдарға және 2 қыздарға) ұтысқа салады.


Талап Қойбағаров