Тағдырға рахмет

27.11.2019

Алматыда Қазақстанда үстел теннисінің негізін қалаушы Анатолий Харитонович Ицкевичті еске алуға арналған ардагерлер арасындағы дәстүрлі халықаралық турнир аяқталды. Елуден астам спортшы үш күн бойы қызу жекпе-жек өткізіп, өздерінің жас топтарында үздіктерді анықтады және бүгінгі таңда чемпиондар, жүлдегерлер бұрынғы атақты теннисшілердің, ҚазКСР құрама мүшелерінің қолдарынан медаль алды – бұл Әлия Серікбаева, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, (USIC) Халықаралық теміржолшылар спорт одағының әлем чемпионы, Марат Ақсянов - жұптық разрядта КСРО чемпионатының қола жүлдегері, Болат Серікбаев -оқушылар арасындағы ҚазКСР чемпионы, Дмитрий Чумак - жұптық разрядта ҚазКСР чемпионы, Марат Қарсыбаев - КСРО Ғылым Академиясы чемпионатының алтын медаль иегері.

Турнир қатысушысы Сәуле Мадачинова-Мұстафина (суретте), КСРО спорт шебері, бүкілодақтық және республикалық жарыстардың жүлдегері: "Анатолий Харитонович мен үшін, екінші әке ретінде. Бұрын 1970 жылы мені жаттықтырушы Геннадий Толузаковқа үстел теннисі секциясына алып келді, алайда А. Х. Ицкевич менің спорттық өсуіме белсенді ат салысты. Жаттығу кезінде қателіктерді көрсетіп, қандай да бір жағдайда қалай ойнау керектігін айтты. Мен алты жыл қатарынан Республика чемпионатын жеңіп алған Алма-Атаның құрама сапында өнер көрсеттім. Тоғызыншы сыныпта КСРО спорт шебері нормативін орындадым, бүкіл Кеңес Одағын араладым. Менің тәлімгерім мен спортта және өмірде Анатолий Харитонович Ицкевич болғанына тағдырға алғысымды білдіремін".

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Әйелдер

1 орын Ирина Кузьмина (Алматы облысы)

2 орын Сәуле Мадачинова-Мустафина (Алматы)

3 орын Лаура Айтжанова (Маңғыстау облысы)

40-49 жастағы ерлер

1 орын Алексей Хен (Алматы)

2 орын Эркин Бегалиев (Қырғызстан)

3 орын Азаматбек Шоробеков (Қырғызстан)

Ерлер 50-59 жас

1 орын Дмитрий Горбенко (Алматы)

2 орын Владимир Маркин (Алматы)

3 орын Никанор Ким (Алматы)

Ерлер 60-69 жас

1 орын Деуталы Мамыров (Қырғызстан)

2 орын Хайрулла Қоғабаев (Қарағанды)

3 орын Валерий Морозов (Қарағанды)

70 және одан жоғары жастағы ерлер

1 орын Қуаныш Жүнелбаев (Ақтөбе)

2 орын Әшірәлі Бедебаев (Шымкент)

3 орын Совет Байтуманов (Алматы)


Талап Қойбағаров