Сыра, гүлдер және үстел теннисі фестивалі

03.11.2021

Лашко - Словениядағы курорттық қала, халықаралық сыра және гүлдер фестивалімен танымал, ол өзінің қонақжай алаңында "WTT Contender" үстел теннисі турниріне қатысушыларды қабылдауда. 02 қарашада жарыстың негізгі торына шығу үшін біліктілік матчтары өтті, онда интернационалдық жұп Айдос Кенжеғұлов / Димитрие Леваяк (Қазақстан/ Сербия) 3:0 есебімен ағылшындар Дэвид Мкбит / Пол Дринкхоллды жеңді. Келесі қарсыластары Мишель Левински / Кларенс Чю (АҚШ/Сингапур).

Жеке турнирде Айдос тартысты жекпе-жекте австриялық Александр Чэннен 2:3 есебімен ұтылды. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко 1/16 финалда Венгриядан келген Бенце Майорошпен кездеседі.

Талап Қойбағаров