Сәуірдің үш алтын медалі

26.04.2018

Сәуір айы Оңтүстік Қазақстан облысының теннисшілеріне өте табысты болды, себебі олар бір айда командалық есепте үш бірдей алтынға ие болды. Айдың 7-ші санында Ақтөбеде 18-жасар спортшылар арасында ел чемпионатын жеңіп алды. 19 сәуірде Таразда оқушылар мен Қазақстан Республикасы колледждерінің оқушылары арасында өткен жазғы Спартакиадада жеңіс тойларын тойлаған болатын. Соңында, 26-да Алматы қаласында қыздар ішіндегі 15-жастағы спортшылар арасында ел чемпиондары атанды. Барлық жеңісті үш турнирде ОҚО құрамасына алтын ұпайларды 13-жастағы Сарвиноз Мірқадірова алып берді. Оңтүстік астанада олар жартылай финалда қарағандылықтарды жеңіп кетті (3:2), ал бірінші орын үшін сайыста алматылықтардан басым түсті (3:2). Сарвиноз Мірқадіровамен бірге Несібелі Базарбай, Кәмила Назарбекова, Сарвиноз Саитмұратханова және жаттықтырушылары Нұрлан Оразбаев, Миряқұб Мираслановтар чемпион атақтарын тойлауда.

Күміс жүлде алматылықтарда Анель Бақыт, Виктория Маркина, Сабина Кәрімова, Мерей Баймұханбетқызы (жаттықтырушылары Айман Оспанова, Александр Перевалов, Алексей Тимченко), қола жүлде астаналықтарда Малика Сандыбаева, Елена Зубкова, Алтынай Ержанқызы (жаттықтырушысы Геннадий Герасименко).

Жасөспірімдер арасында командалық кубокті қарағандылықтар Темірлан Ким, Алан Құрманғалиев, Нұрмұхамед Смағұлов, Әмір Торсайбековтар жеңіп алды, (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким, Александр Брижевский). Финалда олар Батыс Қазақстан облысының құрамасынан күштірек болды, есеп 3:2. Санжар Жұбанов, Нұрдәулет Нұғай, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиевтар (жаттықтырушылары Сарвар Назарова, Гүлчехра Құсейнова) чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанды. Жамбылдықтар Ескендір Харки, Абдұлмажит Харки, Бәкір Царов, Нұрасыл Мұхат (жаттықтырушысы Талғат Раимбеков) үшінші орында.

Қазақстан чемпионаты жеке есептегі, жұптық және аралас разрядтық жарыстарда жалғасатын болады.



Талап Қойбағаров