Сәттілік, Алан!

09.06.2023

Хельсингборг қаласында (Швеция) үстел теннисінен "WTT Youth Contender" турнирі басталды және 17 жас санатында он алты жасар Алан Құрманғалиев ойдағыдай өнер көрсетуде. Ол Эрвинас Узиалоны (Литва) 3:0, Олле Хаан Шталды (Швеция) 3:0, Ноа Дальстромды (Швеция) 3:0, Алан Кулчицкиді (Польша) 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, онда бүгін жапондық Юхи Сакаимен шайқасады.

Сәттілік, Алан!

Талап Қойбағаров