Сәтті бірінші тур

08.11.2021

Ресей үстел теннисі федерациясының Суперлигасында командалық чемпионаттың бірінші туры аяқталды. 18 әйелдер клубы арасында қазақстандық ТТС "Astana" (Сарвиноз Мирқадірова, Зәуреш Ақашева, Анель Бақыт, Ангелина Романовская, жаттықтырушы Евгений Тимченко) 15 ұпаймен бірінші орынды иеленді, 8 матчта 7 жеңіске жетті. Екінші нәтиже "Казаночка" (Қазан, 14 ұпай) клубында, үшінші орында "Хван Ман-Гым" (Өзбекстан, 14 ұпай).

12 ерлер командасы арасында "TT Club Karaganda" (Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Эрик Райтер, жаттықтырушы Александр Брижевский) 9 ұпаймен екінші орында - 5 ойын, 4 жеңіс. "Алтай "(Барнаул, 10 ұпай) клубы көш бастап тұр, үшінші орында " ФИШТ-АГУ " (Майкоп, 8 ұпай) командасы.

TTC "Astana" (Дастан Кенжеғұлов, Сағантай Құрмамбаев, Санжар Жұбанов, Ырысбек Артұқметов, жаттықтырушы Дмитрий Переверзев) 6 орында - 5 матч, 3 жеңіс және 8 ұпай.


Суретте жаттықтырушы Евгений Тимченко және TTC "Astana" теннисшілері.


Талап Қойбағаров