Үстел теннисінің шебері бізге не дейді?

26.11.2020

2 желтоқсан күні сағат 19.00-де қазақстандық тәлімгерлерге арналған онлайн семинарды Ресей үстел теннисінің шебері, КСРО-ның 25 спорт шеберін, Еуропаның жасөспірімдер біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, еңбек сіңірген жаттықтырушы Валентин Команов өткізеді. 1994 жылы Ресейдің әйелдер құрамасы Әлем Кубогын жеңіп алды, сол кезде Ресей Федерациясының дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік комитеті құрама командаларының бас жаттықтырушысы Валентин Викторович болды. Ол бүкіл өмірін біздің спорт түріне арнады, мұнда жоғары нәтижелерге қол жеткізді және үстел теннисінің игілігі үшін белсенді жұмысын жалғастыруда.

Талап Қойбағаров