Үстел теннисінен әлем Чемпионатына санаулы күндер қалды

25.04.2018

29 сәуірде швед қаласы Хальмстадта үстел теннисі бойынша басты оқиға - 2018 жылғы командалық әлем чемпионатының (Liebherr 2018 World Team Table Tennis Championships) салтанатты ашылуы болады. Жеребе тастау нәтижесі бойыншаҚазақстанның ерлер құрамасы екінші дивизионның «Н» тобында ойын көрсететін болады және біздің қарсыластарымыз Люксембург, Иран, Испания, Пуэрто-Рико мен АҚШ болып тағайындалды. Қазақстанның әйелдер құрама командасы үшінші дивизионның «J» тобында Иордания, Индонезия, Гватемала, Оңтүстік Африка, Ливан теннисшілерімен бірге сайысқа түседі. Жалпы алғанда 144 елдің шағын ракетка шеберлері Швецияда өз өнерлерін көрсететін болады.

Қазақстан спортшылары әлем чемпионатына қарқынды дайындалуда:басты жаттықтырушы Эльмира Әлиева, ағажаттықтырушы Дмитрий Переверзев, спортшылар Тимур Келбұғанов, Анастасия Лаврова, Бекұлан Жамал, Айя Әлімбаева, Диас Сәрсембаев, Наталья Сладкова, Зәуреш Ақашевалар Балтық теңізінің жағалауында орналасып, Анджей Грубба атындағы (Гданьск қ.) үстел теннисі Орталығында Польша құрамасымен бірге жаттығуда.



Кирилл Герасименко, Денис Жолудев, республика құрамасының кеңесші- жаттықтырушысы Дмитрий Левенко (Австрия) Формия қаласының (Италия) Лацио аймағында орналасып олимпиадалық даярлау Орталығында Бельгиядан, Италиядан және Ресейден келген әріптестерімен өз шеберліктерін жақсартуда.




Талап Қойбағаров