Үстел теннисіндегі "Жыл Үздігі" сыйлығы!

29.12.2021

Ақтауда "Жыл Үздігі-2021" сыйлығымен марапаттау салтанатында Облыстық үстел теннисі Федерациясы (төрағасы Ерболат Қожабаев) "Жылдың үздік Федерациясы" құрметті атағына ие болды. Құттықтаймыз!

Марапатқа лайық, маңғыстаулықтар 2021 жылды жемісті өткізді: Ақтауда VII Республикалық ауылдық спорттық ойындар бағдарламасында турнир өтті, Қазақстан теннисшілері мен ресейлік "ОТМК" клубының бірлескен оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды, Дене тәрбиесі және спорт басқармасымен аймақта үстел теннисін дамыту туралы Меморандумға қол қойылды, бес ауданға арналған кәсіби құрал-жабдықтар сатып алынды, БЖСМ оқушылары үшін еліміздің жетекші спортшыларымен мастер-класс ұйымдастырылды. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы теннисшілер балалар мен жасөспірімдер жарыстарында, біріншіліктерде медальдар жеңіп ала бастады.

Талап Қойбағаров