Үстел теннисі федерациясының өкілдері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында спорт қайраткерлері, соның ішінде Қазақстан Үстел теннисі федерациясының өкілдері де бар.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Қазақстанның үстел теннисі федерациясының басшысы, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Данияр Әбілғазин марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" медальдарын федерацияның атқарушы директоры Александр Перевалов пен спорт ардагері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әлия Серікбаева алды. "Шапағат" медалімен Федерацияның қызметкері Талап Қойбағаров марапатталды, ол көптеген жылдар бойы осы спорт түрін көпшілікке танымал етуге өз үлесін қосып келеді.

Үстел теннисі федерациясы-қарқынды дамып келе жатқан ұлттық спорт федерацияларының бірі, оны Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өзі де бірнеше рет атап өткен болатын.