Үстел теннисі. Барлығы үшін. Өмір үшін. Әрқашан.

20.01.2022

Барлық заманауи тенденцияларға сәйкес, (ITF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы жаңа президент Петра Сорлингтің басшылығымен өз ұйымының тұрақты даму бағытын жариялады.

Қазіргі әлемде көптеген компаниялар мен ұйымдар тек коммерциялық көрсеткіштерді ғана емес, сонымен бірге тұрақты даму мақсаттарын да ұстануға тырысуда. Бұл дегеніміз не? Ағымдағы нәтижелерге ғана емес, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспардағы әлем үшін қолайлы болашаққа бағытталған шаралар кешені - қоршаған орта үшін жауапкершілік, адам құқықтарын сақтау, барлығына қатысты адалдық. ITTF жоспарлары үш негізгі нүктеге негізделген: адамдар, планета, өркендеу, сондықтан Халықаралық Федерацияның басты ұраны пайда болды: "Үстел теннисі. Барлығы үшін. Өмір үшін. Әрқашан". Жаңа президенттің алғашқы қадамдарының бірі өткен жылдың қараша айында арнайы жиналыста бекітілген "Климатқа арналған спорт" стратегиясының қабылдануы болды. Бағдарламаның басты мақсаты - 2040 жылға қарай зиянды әсерді 50%-ға азайту. Үстел теннисі табиғатты қорғауға қалай әсер етуі мүмкін? Бірінші кезекте, турнирлерді қатысушылар үшін ұшулардың жалпы санын азайтатындай етіп, яғни авиациялық отын туындатқан көмірқышқыл газының шығарылуынан болатын зиянды азайтатындай етіп ұйымдастыруға тырысады. Екіншіден, 2008 жылдан бастап ракеткалар үшін арнайы желімге тыйым салынады, осылайша органикалық немесе бейорганикалық құрауыштар негізіндегі зат өндірісін азайтады.

Петраның президенттік мерзімі жаңа басталғанына қарамастан, ол жоспарларын мүмкіндігінше өршіл етіп қойды. "Мен осы салада кәсіби жұмыс істегім келеді", - деді ол. "Бұл мәселелер ITTF-тің әр мүшесінің күн тәртібінде болғанын қалаймын, олар біз қабылдаған барлық шешімдерге әсер етуі керек".

ITTF материалдары бойынша