Станислав Злобин: Бірлескен жиын екі жаққа да айтарлықтай пайда әкеледі

16.11.2021

"Биатлон" Динамо спорт базасы (Екатеринбург қ.) 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Ресей біріншілігінің алдында жоспарлы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан ОТМК (Орал тау-кен металлургия компаниясы) үстел теннисі клубының спортшыларына есігін айқара ашты. Оралдық теннисшілермен бірге қазақстандық спортшылар Айдос Кенжеғұлов, Абдұл-Маджид Харки және Ырысбек Артұқметов жиынға қатысуда. Свердлов облысының құрама командаларының аға жаттықтырушысы Станислав Злобин әңгімелейді: "Сіздердің спортшыларыңыз аман-есен жетті. Ормандағы базада жүгіру жолдары жабдықталған және біз міндетті түрде кросс жүгіреміз, арнайы дене дайындықтарымен айналысамыз. Және әрине, үстел теннисімен шұғылданамыз, мұнда спорт залы бар. Барлық жағдайлар жақсы. Бірлескен жиын екі жаққа да айтарлықтай пайда әкеледі".

Талап Қойбағаров