"Спорт шебері" атағы жақсы естіледі

15.12.2021

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 10.12.2021 ж. № 625 бұйрығымен Арай Әшкееваға (Қарағанды қ., жаттықтырушылары Александр Брижевский, Эльмира Әлиева) "Спорт шебері" атағы берілді.

Арай - үстел теннисінен командалық есептегі 2021 жылғы ел чемпионы, Қазақстанның ең мықты қыздары турнирінің жеңімпазы, жұптық разрядта, командалық есепте республикалық біріншіліктердің бірнеше дүркін алтын, күміс, қола жүлдегері.

Арай Әшкееваны жоғары спорттық атағымен құттықтаймыз және жаңа мақсаттарға жетуді тілейміз - бұл халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген спорт шебері!



Талап Қойбағаров