Спорт кешені - бұл халық денсаулығына инвестиция

14.12.2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында "ASPAN" спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, онда бокс, күрес, карате, волейбол, футболдың жаттығу залдарынан басқа, (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы мақұлдаған жабдықтармен жабдықталған үстел теннисінің стационарлық залы да бар. Астаналық әкім Алтай Көлгінов дене шынықтыру және спортпен айналысу елдің табысты дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. "ASPAN" кешені "Қазаэронавигация" РМК компаниясының қолдауымен үш жақты меморандум аясында салынған.

Талап Қойбағаров