Спадағы ойын қиынырақ болды

17.02.2022

Қазақстандық теннисшілер Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Санжар Жұбанов (Орал) және Тимофей Герасименко (Нұр-Сұлтан) Бельгияның Спа қаласында өткен "WTT Youth Contender" жасөспірімдер турнирінде өз өнерлерін аяқтады. Алан 15 жасқа дейінгі жас санатында Натанель Абрамовты (Израиль) 3:0, Эндрю Саоны (АҚШ) 3:0 есебімен жеңді, ал 1/16 финалда Ури Алморға (Израиль) 1:3 есебімен жол берді. 17 жастағылар арасында Алан Құрманғалиев Италия, Үндістан, Испания, Словакия, Румыниядан келген қарсыластарынан басым түсті, бірақ ширек финалда Теодор Истратадан (Румыния) 0:3 есебімен ұтылды.

19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Санжар Жұбанов Йоханнес Маадтан (Австрия) 3:1 есебімен басым түсті, алайда Сохан Жилядан (Франция) 2:3, Матеуш Залевскийге (Польша) 0:3 есептерімен жеңіліп, жарыстың негізгі торына кірмеді. Тимофей Герасименко кіші топта Борн Петекке (Хорватия) 1:3, Мартин Фросетаға (Норвегия) 1:3 есептерімен жеңіліп соңғы орынды иеленді.

Талап Қойбағаров