Әскерилер олимпиадашылармен күшеюде

27.06.2021

Ағымдағы жылдың мамыр айында Токиода өтетін Олимпиада жолдамасының иегері, үстел теннисінен спорт шебері Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) шартқа қол қойып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери Орталық Спорт Клубының спортшы-нұсқаушысы атанды. Бір ай өтті және ел құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименкода әскери мекемеге шақырылды.

Кирилл Герасименко: "ӘОСК бастығы Айталап Қалабайұлы Құрғамбаев біздің спорт түрімізді әрдайым қолдап келді. Осыдан тура 11 жыл бұрын, Астана қаласының (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған кезде, ол менің Қытайдағы жылдық тағылымдамама үлкен көмек көрсетті. Сол кездің өзінде Айталап Қалабайұлы Рио-де-Жанейро мен Токиода өтетін екі олимпиадалық жолдаманың болашақ иесін 14 жасар баладан көре білді. Оған үлкен рахмет".

Талап Қойбағаров