Әскери даңқ қаласынан күміс!

27.06.2018

Белгород, Омск, Саратовжәне Смоленск қалаларында елдің 40 жоғарғы оқу орындарынан келген 1500 спортшылардың қатысуымен VI Бүкілресейлік жазғы Универсиадасы өтіп жатыр. Қазақстанның өкілі Г.И. Носов атындағы Магнитогорск Мемлекеттік Техникалық Университетінің (ММТУ) студенті, спорт шебері, Оралдық Дастан Кенжеғұлов осы спорттық форумға белсенді қатысуда. Үстел теннисінен турнирі Белгород – әскери даңқ қаласында өтті, және 28 жоғарғы оқу орындарының құрамалары (14 ұл және 14 қыздар) арасында ММТУ студенттері командалық есепте алтын, күміс жүлделерін жеңіп алды. Дастан Кенжеғұлов, Кирилл Швец және Илья Исаков өз топтарында 3:0 есебімен Мәскеу Педагогикалық Мемлекеттік Университетін, Ұлы Петрдің Санкт-Петербургтік Политехникалық Университетін, Белгород Мемлекеттік Ұлттық Зерттеу Университетін жеңіп кетті. Финалдық сегіздікте Поволжиялық Телекоммуникация және Информатика Мемлекеттік Университетін (Самар облысы), Ресейлік Көлік Университетін жеңді, және тек қана чемпиондық Кубогі үшін матчында 2:3 есебімен Поволжиялық Мемлекеттік Спорт және Туризм Дене шынықтыру Академиясының теннисшілеріне (Қазан) ұтылып қалды.

Қыздар арасында алтынды ММТУ студенттері Екатерина Чернявская, Валерия Щетинкина және Виктория Кандыбина жеңіп алды. Дастан Кенжеғұловты, ММТУ студенттік құрамасын VI Бүкілресейлік жазғы Универсиадасында үстел теннисінен алған жүлделерімен құттықтаймыз.


Талап Қойбағаров