Сіздермен жақсы жаңалықтармен бөлісеміз

03.04.2023

Халықаралық үстел теннисі Федерациясынан (ITTF) жақсы жаңалық келді - қазақстандық жұптар Денис Жолудев/Сағынтай Құрмамбаев және Зәуреш Ақашева/Анастасия Лаврова 2023 жылғы 20-28 мамыр аралығында Дурбан қаласында (ОАР) өтетін жеке әлем чемпионатына жолдама алды. Бұған дейін Азия іріктеу турнирінде Оңтүстік Африкаға жолдамаларды Кирилл Герасименко (жеке есеп, жұптық разряд), Алан Құрманғалиев (жұптық разряд), Айдос Кенжеғұлов (микст), Зауреш Ақашева (микст) жеңіп алған болатын. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров