Сингапурлықтар құрмет тұғырына апаратын жолды бөгеді

11.04.2024

Сингапурдан келген спортшылар, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Панг Ю Эн Коэн және "Достастық Ойындары" беделді жарыстарының алтын жүлдегері Вонг Синь Ру қазақстандықтар Айдос Кенжеғұловты, Сарвиноз Мирқадірованы үстел теннисінен "WTT Feeder" халықаралық турнирінің жартылай финалына жібермеді. Аралас разрядта сингапурлықтар 3:0 (11:9, 11:8, 11:9) есебімен жеңіске жетті.

"WTT Feeder" 12 сәуірде аяқталады.


Талап Қойбағаров